Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысын тағайындады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады.
Бұл қызметке Нұрлан Қарибаев келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Тиісті құжат 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қарибаев Нұрлан Серікбайұлы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Нұрлан Қарибаев туралы не белгілі
Нұрлан Қарибаев 1978 жылғы 13 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери академиясын «мотоатқыш әскерлердің командалық тактикасы» мамандығы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және әкімшілік басқару» бағыты бойынша, сондай-ақ Ресей Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.
Әскери қызметін мотоатқыш взводының командирі ретінде бастап, әртүрлі гарнизондарда әскери бөлімдер командиріне дейінгі жолдан өткен.
Тағайындалғанға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.
Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Бауыржан Артықов атқарған. 30 наурыз күні Мемлекет басшысы оны қызметінен босату туралы өкімге қол қойған болатын.