Әлеумет

Ауғанстанда 9 жастағы қыздарды тұрмысқа беруге рұқсат етілді - БАҚ

Ауғанстанда неке туралы заңнамаға ресми түрде өзгеріс енгізілді. Жаңа құжатқа сәйкес, енді қыз балалардың некеге тұруының ең төменгі жасы тоғыз жас болып белгіленуі мүмкін.

Ауғанстан

Жаңа нормалар «Ерлі-зайыптылардың бөлек тұру қағидалары» атты құжатта көрсетілген. Мәліметке сәйкес, заңға Талибан қозғалысының жоғарғы жетекшісі қол қойып, ол ресми үкіметтік газетте жарияланған.

Құжат мәтінінде некеге тұру мүмкіндігі енді тек жыныстық жетілу кезеңінің басталуымен байланыстырылғаны айтылған. Сонымен қатар, бұл жастың ең төменгі шегі ресми түрде тоғыз жас деп танылған.

Айта кетейік, тәліптер билікке келгенге дейін Ауғанстанда мүлде басқа нормалар болған. Ол кезде қыздардың некеге тұру жасы 16 жас, ал ер балалар үшін 18 жас болып белгіленген еді. Ал 15 жасқа толмаған қыздармен некеге тұруға заң жүзінде қатаң тыйым салынған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз