Пәкістанда полиция бекеті маңындағы жарылыстан 15 адам қаза тапты
Пәкістанда жанкештінің полиция бекетіне жасаған шабуылы салдарынан 15 құқық қорғау қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жараланды.
Бұл туралы Anadolu Ajansi агенттігі хабарлады.
Елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған ірі теракт салдарынан 15 полицей мерт болды. Тағы үш құқық қорғау қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Мәліметке сәйкес, жарылғыш зат тиелген көлікпен келген жанкешті Банну округіндегі Фатех Хель полиция бекетінің маңында өзін жарып жіберген. Шабуыл кезінде блокпоста 18 күштік құрылым қызметкері болған.
Алғашқы жарылыстан кейін қаруланған шабуылдаушылар бірнеше бағыттан полиция нысанын оқ жаудырған. Соның салдарынан бекет инфрақұрылымы қатты қираған.
Шабуыл нәтижесінде полиция пунктінің ғимараты толықтай жойылды. Сонымен қатар маңдағы броньдалған техника зақымданып, жарылыстың екпіні жақын маңдағы құрылыстарға да зиян келтірген.
Оқиға болған ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Еске салайық, ақпан айында Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялаған еді. Ортақ шекарасының ұзындығы 2611 шақырым болатын Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қазан айындағы қақтығыстардан кейін күрт шиеленісе түсті. Ол қақтығыстарда екі тараптан да 70-тен астам адам қаза болған.