Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:40

«Біз ешкімнің отары емеспіз» — Өзбекстан депутаты Лавровтың сөзіне жауап қайырды

Қадыров пен Лавров
Фото: zhasalash.kz

«Миллий тикланиш» партиясының төрағасы Алишер Қадыров Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Өзбекстандағы орыс тіліне қатысты айтқан пікіріне жауап берді.

– Ресей саясаткерлері түрлі амалмен Өзбекстанда орыс тілі мен мәдениетіне деген көзқарасты әлсіреткісі келеді. Алайда жастар ешкімнің мәжбүрлеуінсіз ағылшын, неміс, түрік, араб тілдерін үйреніп жатыр. Себебі олар өз еркімен, қызығушылықпен тіл меңгергісі келеді. Лавров мырза жақсы түсінуі керек – құрметті күшпен талап ету немесе жасанды қажеттілік жасау кері нәтиже береді, – деді Қадыров.

Сонымен қатар Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Қудратходжа да өз ойын білдірді.

– Өзге елдің министрі келіп, біздің ішкі шешімдерімізге баға беруіне жол беруге болмайды. Біз – ешкімнің отары емеспіз! – деп мәлімдеді ол.