Қоғам

Нұрай Серікбайдың қазасына кінәлі Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты.

Нұрай Серікбай

Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Нұрай Серікбай оқиғасы

2025 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбай дүкенге бара жатқан кезінде өз үйінің маңында кісі қолынан қаза тапты. Оған алдын ала торуылдап жүрген жігіт кенеттен шабуыл жасап,35 жерінен пышақтаған. Ауыр жарақаттан Нұрай оқиға орнында қаза тапты. Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай қала сыртынан ұсталды. Аталған факті бойынша кісі өлтіру бабымен тергеу басталды.

Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Әлеуметтік желілерде қыздардың қауіпсіздігі, олардың соңынан қалмай аңду (сталкинг) және қоқан-лоқы көрсету фактілеріне полицияның дер кезінде шара қолданбауы қызу талқыланды. Нұрайдың туыстары құқық қорғау органдарынан ұсталған қылмыскерге ең қатаң баптар бойынша айып тағып, әділ жазалауды талап етті.

Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты халық арасындағы ашу-ыза билік органдарының назарын аудартты. 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Президент осы мәселеге арнайы тоқталды. Тоқаев күдіктінің Нұрайды ұзақ уақыт бойы аңдып, мазасын алып, қоқан-лоқы көрсеткені анықталғанын, ақырында оның соңы адам өліміне соқтырғанын атап өтті.

Бұдан кейін көп ұзамай Шымкент қаласында бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлері, соның ішінде Шымкент ПД басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қызметінен шеттетілді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз