АҚШ Иранға шабуылды бірнеше күнге кейінге қалдырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жоспарланған әскери шабуыл екі-үш күнге шегерілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылары Вашингтоннан әскери әрекетті уақытша кейінге қалдыруды сұраған.
Ақ үйдегі іс-шара кезінде сөйлеген сөзінде Трамп бірнеше араб мемлекеті АҚШ-тан Иранға соққы жасауды қысқа мерзімге тоқтата тұруды өтінгенін жеткізді. Бұған дейін ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында 19 мамырға жоспарланған шабуыл бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты кейінге шегерілгенін жазған.
Трамптың мәлімдеуінше, Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман және БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян әскери операцияны тоқтата тұруды сұраған. Сонымен қатар АҚШ президенті келіссөздер нәтиже бермесе, америкалық әскерилерге Иранға қарсы кең ауқымды операцияға дайын болуды тапсырғанын айтты.
Алайда ол нақты мерзімін атаған жоқ.