BI Group еншілес компаниясы 84 млрд теңгелік мемлекеттік тапсырыс үшін бәсекеде Integra Construction KZ компаниясын басып озды
Кәсіпкер Айдын Рахымбаевпен байланыстырылатын BI Group холдингінің құрамындағы Alem Qurylys AQ ЖШС кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліппен байланыстырылатын Integra Construction KZ ЖШС-ні 84 млрд теңгелік мемлекеттік келісімшарт үшін өткен конкурста жеңіп шықты.
Бұл тупалы ҚазТаг жазды.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес:
Лот атауы – кешенді құрылыс жұмыстары;
Жоспарланған сома – 84 337 663 896 теңге;
Конкурс мәртебесі – сатып алу аяқталған;
Жеңімпаз – Alem Qurylys AQ ЖШС;
Екінші орын алған қатысушы – Integra Construction KZ ЖШС.
Ата кетейіе Атырау қаласындағы 400 гектар аумақты қамтитын «Атырау» арнайы экономикалық аймағының инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымын жобалау және салу қызметтеріне тендер жарияланған. Конкурсты ұйымдастырушы – «Atyrau Innovations» ЖШС.
Конкурс шарттарына сәйкес, BI Group компаниясының еншілес құрылымы мемлекеттен:
бірінші жылы – 28,4 млрд теңге;
екінші жылы – 42,9 млрд теңге;
үшінші жылы – 13 млрд теңгеге жуық қаржы алады.
Еске салсақ, бұл конкурс туралы алғаш рет 31 мамырда хабарланған болатын. Сол кезде тендерге Integra Construction KZ және BI Group-тың еншілес компаниясы қатысатыны айтылған еді.