Маңғыстаудағы теміржол стансасында қызметкердің мәйіті табылды
Маңғыстау облысындағы теміржол разъездерінің бірінде жұмыс орнында станса кезекшісі қайтыс болды.
Соңғы мәлімет бойынша 5 шілде күні таңертең №13 разъезд стансасында 1983 жылы туған кезекші қызметкердің мәйіті табылған. Бұл ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады.
Ведомствоның хабарлауынша, теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болуына байланысты Маңғыстау стансасындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер келген кезде қызметкердің қайтыс болғанын анықтады.