Қоғам

Абай облысында мұз астына түскен баланың денесі табылды

Абай облысында мұз астына түскен баланың денесі табылды, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Абай

Баланың денесін мұз астына түскеннен 3 сағаттан кейін жергілікті еріктілер тапқан. 

Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды, – деді Үржар полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ролан Оразғалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында 5 жасар бала мұз астына түсіп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Тегтер: Абай облысы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз