Қоғам

Олигарх Сәрсеновтың отбасы Каспий жағасынан жерді заңсыз сатып алған

Маңғыстау облысында прокурорлар Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісі анықталғанын хабарлады.

Олигарх

 

– Кендірлі шығанағы деп аталатын бұл учаске оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын аумақтың басты көрікті жерінің бірі.

2007 жылы учаске «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-қа сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылған.

Талдау көрсеткендей жергілікті атқарушы орган тарапынан Жер кодексінің талаптары бұзылып, бұл жер заңсыз берілгені анықталды. Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы болмағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Сот сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануға шешім қабылдады. Бүгінгі таңда жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млрд теңгеден асады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз