Саясат

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева демократиялық «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.

Дания Еспаева

Бұл шешім партияның кезекті съезінде қабылданды.

Съезд барысында делегаттардың басым бөлігі Еспаеваның кандидатурасын қолдап, оны партия жетекшісі қызметіне бекітті.

Дания Еспаева 2016 жылдың наурыз айынан бері Мәжіліс депутаты болып келеді. 2023 жылдан бастап ол Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін 2011 жылдың шілдесінен бері партияны басқарған Азат Перуашев төрағалық өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз