Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:12, 02 Қараша 2023

Интернет арқылы ел ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды

уддуд
Фото: из открытых источников

Шымкент полицейлері интернет-алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаменті киберпол бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жолмен қала тұрғынының ақшасын иемденген түркістандық ер адамды ұстады.

Күдікті интернеттен Lexus LX 600 автокөлігінің жалпыға қол жетімді фотосуреттерін жүктеп алып, арнайы сайтқа оны сату туралы жарнама орналастырған. Қоңырау шалған сатып алушыға ол жол талғамайтын көлік алғысы келетіндердің көп екенін сенімді түрде айтып, егер көлікті өзі алғысы келсе, алдын ала төлем жасауы керек деп сендірген. Алаяқтың сөзіне сенген ер адам белгілі бір есепшотқа 200 мың теңге қаржы аударған. Ақшаны алғаннан кейін жалған сатушы байланысқа шығуын тоқтатқан.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін бұрын сотты болғаны анықталды. Ол қазір қамауда. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.