Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:49, 26 Қаңтар 2024

Ресейде Ил-76 апаты: ұшқыш қазақстандық боп шықты

апат
Фото: из открытых источников

RT хабарлағандай, Алексей Высокин Өскеменде дүниеге келген. Ол Сириядағы ұрыс қимылдарының ардагері және 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға ұшып келген, деп хабарлайды zhasalash.kz

Алексейдің әйелі Ольганың айтуынша, ол күйеуінің Белгород облысында ұшқанын білген, бірақ апат туралы жаңалықтардан естіген.

Қаза болған екінші ұшқыштың 11 және 14 жастағы екі қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтарда Белгород облысында Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Құлаған Ил-76 ұшағының бортында айырбастау үшін Белгород облысына жеткізілген Украина Қарулы Күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметкері болған. Сондай-ақ 6 ұшақ экипажы мен 3 ілеспе адам болған. Артынша Ресей тұтқынға алынған 80 сарбазы бар тағы бір Ил-76 ұшағын шұғыл жіберген.