Испанияда Ми-8 тікұшағын ұрлап, Украинаға әкелген ресейлік ұшқыштың мәйіті табылды
Бұл туралы испандық iL Corrispondente және Informacion.es басылымдары жазды. Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы да ұшқыштың қаза болғанын растады.
Испандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кісі өлтіру оқиғасы 13 ақпанда Аликантедегі Ла Вильяджойоса қаласында болған. Ер адамның мәйіті гараждан табылған. Оның денесінде оқ жарақаттары болыпты.
Украинаның барлау қызметінің өкілі Андрей Юсов БАҚ-қа берген түсініктемесінде Кузьминовтың өлімін растады, бірақ оның қандай жағдайда көз жұмғаны туралы ақпарат берммеген.
Айта кетейік, Ми-8 тікұшағын ұрлау операциясы алты айдан астам уақытқа созылып, 2023 жылдың 9 тамызында сәтті аяқталған. Операция “Синица" деп аталды. Оны Сызрань жоғары әскери авиация училищесінің түлегі, ресейлік ұшқыш Кузьминов жүргізді. Кузьминов 2022 жылдың қазан айында Украинаның оккупацияланған аумақтарына ұшуға мәжбүр болған, осы кезде ол соғысты Ресейдің бастағанын түсінді. Осыдан соң Кузьминов Украина әскерінің өкілдерімен байланысқа шыққан, олар оған Ми-8 тікұшағын Украина аумағына алып келу жоспарын ұсынған.