Оқиғалар

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 900-ден асты

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті. Тағы 3300 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді.

Венесуэла

Зілзаладан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға алынды. Билік бұл шешім қоғамдық тәртіпті сақтау және құтқару жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін қабылданғанын хабарлады.

Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельоның айтуынша, Ла-Гуайра штатына баратын барлық жол уақытша жабылған. Оның сөзінше, өзге өңір тұрғындарының апат аймағына баруына қажеттілік жоқ. Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құтқару операцияларын жедел жүргізу мақсатында қабылданған.

Жер сілкінісі сәрсенбі күні кешке ел астанасы Каракастың батысында болған. Бірнеше минут ішінде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жерасты дүмпуі тіркелді. Одан кейін 138 афтершок болған.

Жер сілкінісі Венесуэланың алты штатында сезілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз