Live

Қазақстанның көк байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Reddit платформасында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның мемлекеттік туы әлемдегі ең әдемі ту атанды.

Ақорда

Қолданушылар “Flags of the World” атты турнирге қатысып, үздік туды анықтаған.

Дауыс беру барысында Қазақстан туы ондаған елдің байрақтарын артта қалдырып, финалға дейін жеткен. Жартылай финалда Сейшел аралдарының туынан басым түссе, финалда Кирибати туын жеңіп шыққан.

Турнир қорытындысы бойынша:

– екінші орын – Кирибати,

– үшінші орын – Бутан,

– төртінші орын – Сейшел аралдарына бұйырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар Қазақстанның туын барлық ұсынылған тулардың ішіндегі ең үздігі деп таңдаған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы 1992 жылдың 4 маусымында бекітілген. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Сол кездегі байқауға әлемнің әр елінен 1200-ге жуық дизайнер қатысып, нәтижесінде дәл осы көк байрақ тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздерінің бірі ретінде қабылданды.

Тудағы алтын күннің 32 сәулесі бар, ал көк түс бейбітшілік, тұрақтылық, адалдық пен бірліктің белгісін білдіреді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз