Қоғам

АҚШ-та қазақстандық студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

АҚШ-та тұратын 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбай бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр.

Ақш

Жақындарының айтуынша, ол соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның ұялы телефоны толықтай өшірулі. Іздеу жұмыстары барысында 10 маусым күні полиция жігіттің жеке көлігін – Toyota Camry автокөлігін тауып алған. Алайда Әсеттің өзі әлі күнге дейін табылмай отыр.

Туыстарының мәліметінше, оның үйінде жеке құжаттары, банк карталары және басқа да жеке заттары қалған. Бұл жағдай жақындарының алаңдаушылығын күшейтті. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғаны бақылауға алғанын хабарлады.

Ведомство АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, жоғалған азаматты іздеу жұмыстарының барысын қадағалап отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Әсет Құралбайдың қайда екені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: АҚШ студент
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз