Саясат

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне өмір бойына қоса тағы 30 жыл берілді

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге тағы бір қатаң үкім шығарылды.

Юн Сок Ёль

 Сеулдің Орталық аудандық соты оны қосымша 30 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл жолы 65 жастағы экс-мемлекет басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қарсы тарапқа көмектесу баптары бойынша кінәлі деп танылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, Юн Сок Ёль 2024 жылдың қазан айында Солтүстік Корея астанасы Пхеньянның әуе кеңістігіне әскери дрондар жіберуге жеке өзі бұйрық берген.

Прокуратура дрондарды жіберу алдын ала ойластырылған арандату әрекеті болғанын дәлелдеді. Тергеушілердің айтуынша, бұрынғы президент Солтүстік Кореямен арадағы жағдайды әдейі ушықтырып, ел ішінде әскери жағдай енгізуге заңды негіз қалыптастырмақ болған. Алайда Юн Сок Ёль өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып отыр.

Еске салсақ, 2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ёль Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізуге әрекеттенген болатын. Бірақ парламенттің қатаң қарсылығы салдарынан бұл бастама жүзеге аспай қалды. Аталған оқиға кейін оның импичментке ұшырап, қызметінен кетуіне және елдегі ауқымды саяси дағдарысқа себеп болды.

Жалпы алғанда, бұрынғы президентке қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған. 2026 жылдың ақпанында сот оны бүлікке итермелеу айыбы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Ол кезде прокуратура тіпті өлім жазасын сұраған болатын. Қазіргі уақытта Юн Сок Ёльдің қорғаушылары шығарылған үкімдерге шағым түсіріп жатыр.

Тегтер: Юн Сок Ёль
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз