Live

«Орешник» әлі әскери жағдайда толық қолданылған жоқ – Путин

Ресей президенті Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Путин

Associated Press агенттігінің тілшісі Украина дрондарының форум өтіп жатқан кезде Санкт-Петербургке шабуыл жасап жатқанын, Ресей экономикасы баяулап бара жатқанын, Путиннің рейтингі төмендеп жатқанын және майдандағы жағдайдың «нағыз апатқа» айналғанын айтып, Ресей президентінен нақты не қалайтынын сұрады.

Жауап барысында Путин жаңа «Орешник» зымыраны туралы да пікір білдірді.

«Біздің дрондар ұшып барып, тек блоктардың қалай орналастырылғанын қарап шықты. Қай жерге түскен болса, соның бәрін миллиметріне дейін өлшеп шықты», – деді Путин.

Оның айтуынша, мұндай соққылар болашақта «Орешникті» белгіленген нысандарға, соның ішінде қала аумақтарында толық форматта қолдану туралы шешім қабылдау үшін қажет.

«Орешник» – орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран. Кейбір сарапшылар оны аралық қашықтықтағы зымырандар санатына жатқызады, өйткені оның шамамен 5500 шақырымдық ұшу қашықтығы құрлықаралық зымырандардың көрсеткішіне жақын.

Зымыран бірнеше бөлікке бөлінетін жауынгерлік бөліммен жабдықталған және оның құрамында алтыға дейін жеке нысаналарды зақымдай алатын оқтұмсық болуы мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз