Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:32, 09 Маусым 2020

100 күндіктің «жұлдызы» – «Super» әкім (видео)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі ДаниалАхметовтің бұйрығымен Серік Зайнулдиннің Зайсан ауданының әкімі қызметінетағайындалғанына 100 күн толыпты.

Оны жұрт білмей де қалатын ба еді, Facebookәлеуметтік желісіндегі парақшасына әкімнің өзі салып хабарламағанда… «Маусымайының 3-і күні менің Зайсан ауданының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысбастағаныма 100 күн толыпты» деген аудан басшысы осы «тарихи датаға» орай,алдын ала дайындалған бейнежазбаны әдемілеп орналастыруды да ұмытпапты.

Хош делік, бірақ көкейде бір сұрақтуады: «Серік Зайнулдин осымен Зайсан ауданының әкімі қызметіне үшінші реттағайындалып отырғанда жаңадан «жұмыс бастағанына» 100 күн толғаны қалай?» 2004-05жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде отырған ол Қатонқарағайауданын басқарып, кейіннен, 2010-13 жылдары Зайсан ауданының әкімі болған еді.2013 жылдан 2020 жылдың 24 ақпанына дейін Үржар ауданын жеті жыл басқарып,қайтадан өзі туып-өскен Зайсан ауданының әкімі болып оралды. Сөйтіп, Зайсанғабір келіп, бір кетіп жүрген шенеунік енді үш ай он күнді қамтитын қызметінқорытындылап, 100 күндіктің «жұлдызы» атанып отыр.

Анығында, мұны аудан әкімдігініңәлеуметтік желідегі парақшасын жүргізетін блогер, SММ мамандары сырттай баяндаптаныстырып шықса, аса ерсі көрінбейтін еді. Әкімнің өзі сүйіншілеп, «меніңжұмыс бастағаныма 100 күн» деп жар салғанының әсері ме, жерлестері де пікірінбілдіріпті. Бірі С.Зайнулдинді «Super» әкімге баласа, енді бір желі қолданушысыжеті-сегіз жылда бітпеген істің көбісі үш айдан астам уақыт ішіндеатқарылғанына таңданыс білдіріп, «халықтың риза» екенін айтыпты. Әрине, «бітерістің басына, жақсы келер қасына» дегендей, нақты шаруа атқарылып жатсақұба-құп.

Алайда бейнежазбаға үңілсек, 100 күндік мерзімішінде тал еккеннен өзге, тау қопарып тастағандай табысты жұмыс байқалмайды. Бейнежазбаныңсол жақ шекесінде әкімнің әрбір күні көрсетіліп отырады. 5432 түп шырша еккенінтамашалап отырып, 30 күнге жеткенде аудан әкімінің орынбасары Серікхан Нұртазиншыға келіп, әкім айтпаса, ол істің орындалуы неғайбыл екенін байқатады. «Бүгінгі күні Зайсан ауданының әкімі СерікЗинабекұлы Зайнулдиннің тапсырмасы бойынша Зайсан қаласында көгалдандыру, ағашотырғызу, тазалық жұмыстары жалғасуда», – деп зыр етіп өтеді әкімніңорынбасары. Енді бір тұста аты-жөні көрсетілмеген ел ағасы «аудан әкімініңтапсырмасы бойынша егін егілуі керек, қазіргі күні 2500 гектар жер жыртылды»дейді.

 Осылайша екпінді әуеннің әлдиінеелжіреп отырғанда эфирден қара жолақ жүгіріп өтіп, теледидар жаңалықтарынан«әлемді дүрліктірген коронавирустың белең алғаны, соған байланысты төтеншежағдай жарияланғаны» хабарланады. Соған орай, аудан әкімі мәлімдеме жасайтынболар деп қарап отырғанымызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сабырғашақырып тұрған сәті шыға келеді. Әрине, президентті ұмыт қалдырып, өзі сөйлептұратындай Зайнулдиннің басы екеу емес. Бірақ оның 100 күн бұрын тағайындалыптұрған кезде облыс әкіміне қарап не дегенін де ұмытқан жоқпыз. «Маған үлкен сенім артып, туған жерімеәкім етіп тағайындағаныңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Коронавирус туралыкелеңсіз  жағдайға байланысты сізден жерлестерімнің атынан басымды иіпкешірім сұраймын. Бар білімім мен тәжірибемді ауданның дамуына жұмсаймын», – дегенболатын Серік Зайнулдин.

Сонымен, айтып-айтпай не керек, дүбірлетіп өтіпті бұләкімнің 100 күні. Өзі айтқандай, бар білімі мен тәжірибесін жұмсап жатқанболар. Бірақ сөзімізге түрткі болған «100 күн» деген атаулы дата қайдан шықты?Сөйтсек, оның төркіні АҚШ-тан шыққан екен. Яғни АҚШ-тың 32-ші президентіФранклин Рузвельт 1933 жылы Америкадағы дағдарыста билікке келіп, алғашқы үш айішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы тұратын, банктерге сенімді қалпынакел­тіретін 15 заңды қабылдатқан. Бұл кейіннен халықтың ойынан шығып,«Президенттің алғашқы 100 күні» концепциясына айналыпты.

 Сонда салыстырмалы түрде алсақ, Қазақстанның шығысындағы Зайсанауданының әкімі Серік Зайнулдин Рузвельтті өзінің саяси идеалы санаған болыпшыға ма? Әрине, «Әкімнің 100 күні» деген «тарихи дата» бұған дейін де талайатқамінердің түн ұйқысын қашырғанына шүбә жоқ. Шындығына көшсек, біздіңатқарушы билік небір «жүздіктермен» танылғанымен, бірі де халықтың ойынаншықпағанын мойындаған жөн. Айталық, «100 мектеп, 100 аурухана», «100 жаңаесім», «100 нақты қадам» – атауынан ат үркетін небір бастамалар менбағдарламалардың орындалуына жауапты әкімдер болса өздерінің тағайындалғанына100 күн толғанын дабыралатып әлек. Ал Серік Зайнулдин өзімен қатарластағайындалған Үржар, Глубокое, Алтай ауданы әкімдерінің ішінен бірінші болып әлеуметтікжелі арқылы «100 күндіктің» «жұлдызы» атанып отыр.                                                                                            

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: