Қоғам

12 тоннадан астам алтын тәркіленген: Қазақстанда алтын ұрлығына қарсы күрес күшейтілді

Өткен жылдан бері республиканың бірқатар өңірінде алтын ұрлығына және заңсыз кен өндіруге қатысы бар 1400-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын құрамды материал тәркіленді.

Полиция

Мысалы, биыл полиция Жамбыл облысындағы “Ақбақай” тау-кен байыту комбинаты аумағынан алтын құрамды кенді заңсыз өндіру, өңдеу және ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 

Жедел әрекет нәтижесінде Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан құралған, алтын құрамды материалды ұрлау арнасын жолға қоюға әрекеттенген топ ұсталды. Қару-жарақ, ірі көлемдегі қаражат, байланыс құралдары және автокөліктер тәркіленді. 

Тергеу жүргізіліп, келтірілген залал анықталып жатыр. Кәсіпорынның күзет және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз