Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 15 Қараша 2023

15 қараша – ұлттық валюта күні

теңге
Фото: из открытых источников

Бүгін Ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 30 жыл толып отыр

1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге айналымға енгізілді. Алғаш "портреттер" банкнотының бірінші топтамасы шығарылып, онда тұлғаларымыздың суреті бейнеленді.

Алғашқы банкноттарды «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңге­ні қағаз түріндегі тапсырысы­ компа­нияның әлем­дік­ дең­гейде атын шы­ғаруға себеп болды. Теңгенің арқа­сын­да аталмыш компания Ұлыбритания ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.

Халықаралық мамандар­дың пікірінше, теңге ТМД аумағындағы тұрақты валюталар қатарында. Негізі ұлттық валютаның дайындалуы аса құпия түрде болған. Алғашқыда 70 жылдан астам пайдаланып келген кеңестік ақша – рубльді қолдана бермек болған. Алайда Ресей 15 одақтас республикалардың әрқайсысының өз ақшасы болсын деген­ талап қойған.