42 500 теңге жеткіліксіз, көмекті әлі көбейту керек (видео)
Қазір төтенше жағдайда беріліп жатқан әлеуметтік көмекке көңілі толмай жатқандар баршылық.
Көпшілік қауым бұл соманың бір айлық азық-түлікке жетпейтінін айтып шағымдануда. Бұған қатысты белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай да ашып айтып отыр.
«Төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың басты назары биліктің халыққа көрсетер көмегіне қатысты шешімдерге байланып отырған жай бар. Бүгін мен карантин кезінде 42500 теңге көлеміндегі төлемнің неге жеткіліксіз екенін және оны неліктен кем дегенде екі есе көбейту керегін түсіндіріп беремін. Осы арада айта кетер жайт, теледидардан жария болған кез келген көмек техникалық тұрғыда жүзеге асырылмаса, түкке тұрмайды. Неліктен миллиардтаған шығындарға әкеліп отырған Egov сайтының халық сұратымын өңдеу міндетін атқаруға шамасы жоқ?Сонымен қатар, Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуы туралы Жарғысына да ерекше тоқталып өту керек. Мен нақты осы шараны не себепті тиімді санайтынымды түсіндіріп өтемін. Және сөз соңында Ресей, Сауд Арабиясы және Америка арасындағы «қайта қалпына келтіру» келіссөздерінің ықпалынан болған нарықтағы мұнай бағасының кенет көтерілуі неліктен Қазақстан үшін болмашы нәрсе деп есептейтінім туралы айтатын боламын. Яғни, бұл шуылға алаңдаудың неге маңызы жоқ екенін түсіндіремін. Бастысы халық қолдайтын ауқымды реформаларға баса назар аудару»,-дейді белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай.