5 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
5 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, елдің солтүстік және орталық өңірлерінде жаңбыр жауады.
Астанада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C болады.
Алматыда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C-қа дейін көтеріледі.