Қоғам

Абай облысында вебкам бизнесін ұйымдастырған ерлі-зайыпты анықталды

Абай облысында жүйелі табыс табу мақсатында Қазақстанның бірнеше қаласында вебкам бизнеске арналған порностудиялар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды.

Камера

Полицияның мәліметінше, олар өзара міндеттерді бөлісе отырып, модельді келбеті бар жас қыздарды іздеумен және осы іске тартумен, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы түсірілімдер жүргізуге арналған орындарды ұйымдастырумен айналысқан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл, Павлодар және Маңғыстау облыстарында дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы заңсыз әрекеттерге және жастарды азғындатуға белсенді түрде тартылған күдіктілерге қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру фактісі бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру және порнографиялық материалдарды заңсыз тарату бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз