Қоғам

Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер әшкереленді

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.

ҚМА

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз барлау және пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілген үш учаске анықталған.

Тергеу мәліметінше, заңсыз жұмыстардың салдарынан жердің құнарлы қабаты сыпырылып, топырақ жамылғысына елеулі зиян келген. Тексеру кезінде алтын түстес металл, кенді байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника мен автокөліктер тәркіленді. Қазір құқық қорғау органдары заңсыз өндіруге қатысы бар барлық тұлғаларды, өндірілген бағалы металдардың нақты көлемін және мемлекетке келтірілген залал мөлшерін анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз