Live

Абай облысындағы шахтада жерасты лифті күрт тоқтап, алты кенші зардап шекті

Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты көтергішіне (шахталық клеть) қатысты оқыс оқиға болды.

шахта

Оқиға 1 шілде күні болған. Сол сәтте жерасты лифтінде 15 жұмысшы болған.

KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, түсіру кезінде тіреуіштердің («кулактардың») бірі босап кеткен. Соның салдарынан шахталық клеть оған ілініп, күрт тоқтаған.

Оқиғадан кейін алты кенші медициналық көмекке жүгінген.

Олардың үшеуіне тексеруден кейін жеңіл жарақат (соғылу) диагнозы қойылып, үйлеріне жіберілген.

Қалған үш жұмысшы қосымша тексеру үшін Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олар да ауруханадан шығарылған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу барысында техникалық ақау, адам факторы және басқа да ықтимал себептер қарастырылып жатыр.

Тергеуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының мамандары қатысатын арнайы комиссия жүргізіп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз