Әділет министрлігі Салтанат Нүкенованың мәйітіне қатысты тың деректі айтты
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сараптама жүргізіліп, 12 сараптаманың қорытындылары тағайындалмақ, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
"Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның онының қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-ші сараптама күні кеше ғана келіп түсті. Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, отыз күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады", - деді Талғат Уәли.