Агроөнеркәсіп: Ауыл шаруашылығы экспорты ел экономикасына серпін беріп отыр
Казақстандағы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл шетелдерге шығарылатын өнім мөлшері мен оның әкелетін пайдасының ұлғаюынан байқалады.
Экспорттық бағытта өңделген тауарлардың үлесі басым орын алып отыр. Мұның өзі еліміздегі зауыт-фабрикалардың тек мал мен дәннен алынған шикізатқа тәуелді емес, оны дайын қоспаға айналдыру процесінде жұмыс істеп тұрғанын айғақтайды.
Осы саладағы сұранысы жоғары өнімдер қатарына күнбағыс майы да кірді. Жылдың басынан тамыз айына дейінгі кезеңде шетелге сатылған өнімнің жалпы құны 672,8 миллион долларды құрады. Экспорттық түсімнің 48,5 пайызға өсуі нарықтағы сұраныстың артып отырғанын дәлелдейді. Сол уақыт аралығында шетелге жіберілген май мөлшері 611,4 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деректермен салыстырғанда 35,9 пайызға жоғары.
Күнбағыс өнімдерін шығаратын бағыттар кең ауқымды алып жатыр. Осы май түрлерін сату көлемі бойынша Қазақстан әлемдегі алты ірі экспорттаушы елдер қатарына енді. Есіңізде болсын, Қытайға жөнелту мөлшері жағынан екінші орынға тұрдық. Күнжараға қатысты да отандық бизнес үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Еуропалық одақ пен Қытайға күнжара жеткізуші үш мемлекеттің біріміз. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы тұтынушылардың жоғары сұранысы қазақстандық күнжара арқылы қамтамасыз етілуде.
Бидай – халықаралық базарда өз орынын қолдап келе жатқан еліміздің дәстүрлі экспорттық өнімдерінің бірі. Үшнші тоқсанда алған соңғы деректер бойынша, бидай экспорттан түскен ақша қаражаты 1,25 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға өсті. Жіберілген астықтың жалпы көлемі 5,5 млн тоннадан асты. Өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен бұл мән 13,8 пайызға жоғары.
Бидай мен бидай-қарабидай ұнын экспорттау арқылы мемлекеттік бюджет үлкен табыс табады. Шетелдерге жүргізілген осы өнімдердің жалпы саны 1,38 миллион тоннаға жетті. Осыдан бір жыл бұрынғы деңгейге қарағанда бұл көрсеткіш 22,8 пайызға өскен. Экспорттың қаржылық нәтижесі 400 миллион долларға тең болып, үлесі 36 пайызға артты.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуы аграрлық өнімдердің экспорттық әлеуетін кеңейтіп, қазақстандық тауарлардың шетелдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығару еліміздің экспорттық табысын әртараптандыруға ықпал етеді. Бұл бағытта тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін халықаралық стандарттарға сай сапаны қамтамасыз ету, өткізу нарықтарын көбейту және логистикалық байланыстарды жетілдіру қажет. Қазіргі экспорт көрсеткіштері Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу бағытының маңызы артып келе жатқанын аңғартады. Демек, шикізатқа ғана емес, одан өндірілген дайын өнімге басымдық беру елдің әлемдік азық-түлік нарығындағы орнын нығайтудың маңызды тетігі болмақ.