Әлеумет

«Ахуал Сегодня» YouTube арнасының авторы Азамат Омаров сот залынан босатылды

Сот процессуалдық келісім аясында Азамат Омаровты 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Азамат Омаров

Ол сот залында бірден босатылды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді.

Сонымен қатар Омаровқа бес жыл бойы жарияланым жасауға тыйым салынды.

«Ахуал Сегодня» YouTube арнасының авторы 18 шілдеде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты бап бойынша екі айға қамауға алынған еді.

Ұсталғаннан кейін адвокат Төлеген Шаиков сот қаулысындағы тұжырымды жариялаған. Онда Омаровтың президент, қазіргі билік, әлеуметтік-экономикалық саясат және мемлекеттің қызметі туралы сатиралық түрде пікір білдіргені айтылған. Сот мұндай пікірлер «халық арасында теріс көзқарас қалыптастырады» деп бағалаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз