Қоғам

Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жеңісімен құттықтады

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас әнші Нұржас Садырбаевті «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасындағы жеңісімен құттықтады.

Нұржас Садырбаев

Министр әлеуметтік желідегі жазбасында Нұржастың таланты мен еңбегін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жас өнерпаздың сахнадағы шеберлігі түрлі елдерден келген қатысушылар арасында жоғары бағаланған.

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан. Байқау Түркістанда басталып, кейін Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланған.

Халықаралық жобаға Қытай, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен қатысушылар келген. Олар Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын аралап, елдің табиғаты мен мәдениетімен танысқан.

Аида Балаева жас әншіге алдағы шығармашылық жолында табыс тілеп, қазақ өнерінің абыройын әлемдік деңгейде асқақтата беруіне сенім білдірді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз