Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қашан қалпына келтіреді?
Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматы – Дубай бағытындағы рейстер 20 маусымнан, ал Астана – Дубай бағытындағы рейстер 10 шілдеден бастап қайта орындала бастайды.
Иран әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты барлық рейстер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Пәкістан арқылы жүзеге асырылады.
Ұшу кестесі кезең-кезеңмен жүргізулетін болады:
Алматы-Дубай-Алматы
15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
22 - 28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
6 - 12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Астана-Дубай-Астана
10 - 19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
20 - 26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер
3 - 9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап - Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап - Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.