Air Astana Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты Дубайға бағытталған рейстерді уақытша тоқтатты
Ормуз бұғазы мен өңірдегі қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты Air Astana Дубай бағыты бойынша рейстерді 21 шілдеден 31 тамызға дейін уақытша тоқтататынын хабарлады.
Әуе компаниясының мәліметінше, 21 шілдеге дейінгі рейстер Дубайда жүрген жолаушыларды Қазақстанға қайтару мақсатында орындалады.
Сондай-ақ, рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға билет құнын толық қайтарып алу немесе билетті қосымша ақысыз кейінгі күнге, сондай-ақ Air Astana әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарының біріне қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.
Компания жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп, ресми хабарламаларды бақылап отыруға кеңес берді.