Саясат

АҚШ Иранға қарсы әскери-теңіз операциясын кеңейтуді жоспарлап отыр

АҚШ Иранға қарсы әскери-теңіз операциясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

АҚШ әскері

Басылымның мәліметінше, АҚШ әскери күштері алдағы күндері Иранмен байланысты мұнай танкерлеріне десант түсіріп, оларды халықаралық суларда басып алуға дайындалып жатыр. Осылайша Вашингтон әскери операция ауқымын Таяу Шығыс өңірінен тыс жерлерге дейін кеңейтпек.

Ақпаратқа сәйкес, бұл қадам Иранға экономикалық қысымды күшейтіп, Тегеранды Ормуз бұғазын ашуға және ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерде жеңілдіктер жасауға мәжбүрлеу мақсатында қолға алынбақ.

Еске салайық, 17 сәуірде Иран билігі уақытша бітім аясында Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін ашатынын мәлімдеген. Алайда 18 сәуірде Тегеран бұл шешімнен бас тартып, бұғазды «қатаң бақылауға» алғанын хабарлады.

Өз кезегінде Дональд Трамп Иран порттарына қойылған шектеулер бейбіт келісімге қол жеткізілгенге дейін алынбайтынын айтты. Ал Иран парламентінің өкілі Мохаммад-Багер Галибаф АҚШ мәлімдемелерін жоққа шығарып, оны ақпараттық манипуляция деп атады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз