Әлеумет

АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады, Тегеран жауап қайтарғанын мәлімдеді

АҚШ 16 шілде кешінде Ирандағы нысандарға кезекті соққыларын жасап, әскери әлеуетін одан әрі әлсіретуді көздейтінін мәлімдеді.

П

Бұған жауап ретінде Иран АҚШ-тың өңірдегі әскери нысандарына соққы бергенін хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, операциялар алтыншы түн қатарынан жалғасып жатыр. Иранның мемлекеттік Press TV телеарнасы соққылар Хормозган провинциясындағы үш көпірге, Бендер-Аббас қаласындағы тұрғын ауданға, Киш аралындағы электр қосалқы станциясына және Бендер-Аббас пен Ираншахр әуежайлары маңына жасалғанын хабарлады. Сондай-ақ Бушер қаласында жарылыстар болғаны айтылды. Иран тарапының мәліметінше, шабуыл салдарынан 3 адам қаза тауып, 15 адам жараланған.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) ел армиясымен бірлесіп, АҚШ-тың өңірдегі әскери нысандарына жауап соққыларын жасағанын мәлімдеді. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Бахрейндегі Сахир авиабазасында орналасқан америкалық тікұшақтар мен барлау ұшақтары нысанаға алынған.

Кувейт билігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Иранның зымырандары мен дрондарын тойтарып жатқанын хабарлады. Ал Бахрейнде қауіп туралы ескерту сиреналары қосылды.

Еске салайық, АҚШ пен Иран 17 маусымда әскери іс-қимылды тоқтатуды және Ормуз бұғазындағы шектеулерді алып тастауды көздейтін келісімге келген еді. Алайда кейін тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап, әскери қақтығыс қайта өршіді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз