Саясат

АҚШ Иранның Харк аралы маңындағы мұнай танкеріне зымыранмен соққы жасады

АҚШ әскері Парсы шығанағындағы Иранның Харк аралы маңында тұрған шағын мұнай танкеріне зымыранмен соққы жасады.

ормуз

Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, шабуыл 5 қыркүйек күні таңертең жасалған. Танкер Харк аралының жағалауынан алты теңіз милі, шамамен 11 шақырым қашықтықта зәкірде тұрған.

«Харк аралы маңында зәкірде тұрған танкерге АҚШ Қарулы күштері ұшырған төрт зымыранмен соққы жасалды», – делінген хабарламада.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, шабуылдан адам зардап шекпеген. Экипаж мүшелері кемеден эвакуацияланған. Қазір Иранның тиісті органдары келтірілген шығынды бағалап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін 5 қыркүйек күні таңертең Иран БАҚ-тары Харк аралы маңында жарылыс дыбыстары естілгенін хабарлаған.

Харк аралы Иранның мұнай экспорты үшін стратегиялық маңызға ие. Германияның dpa агенттігінің мәліметінше, Иран экспорттайтын мұнайдың 90 пайыздан астамы осы арал арқылы жөнелтіледі.

4 қыркүйекте The New York Times АҚШ барлау қызметінің есебіне сүйеніп, Тегеранның Вашингтонмен бейбіт келісімге келуге әзір емес екенін жазған. Басылым дерегінше, Иран алдағы айларда қақтығыстың жалғасуына дайындалып жатыр.

1 қыркүйекте АҚШ Ормуз бұғазындағы екі ирандық танкерге және Иран аумағындағы бірнеше әскери нысанға шабуыл жасаған. Ал 2 қыркүйекке қараған түні Иран Кувейт, Ирак, Иордания және Бахрейндегі америкалық базаларға зымырандар мен дрондармен соққы жасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз