Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:12

АҚШ Ресейдің 50 банкіне қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ
Фото: АР

50-ден астам ресейлік банк, 40 бағалы қағаздарды тіркеуші және қаржы секторымен байланысы бар 15 шенеунік АҚШ санкцияларының жаңа пакетінен зардап шекті.

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) жариялаған хабарламада айтылған.

Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және тағы басқа елдерде дәл осындай тізімге енген Газпромбанкке санкция салынды. Сонымен қатар, BKS-банк, «Центркредит», «DOM.RF», «Синара» және басқа да көптеген банктерге шектеулер енгізілді.

OFAC сондай-ақ санкциялар тізіміне РФ Орталық банкінің оннан астам қызметкерін, оның ішінде Ресей Федерациясы Орталық банкі төрағасының екі бірінші орынбасары Владимир Чистюхин мен Дмитрий Тулинді, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орталық банкі төрағасының орынбасарын енгізді.

Газпромбанкке қарсы санкциялар Еуропаға газ жеткізуге әсер етуі мүмкін

ТАСС агенттігі Венгрия СІМ өкіліне сілтеме жасап, Газпромбанкке салынған санкциялар елді «энергиямен қамтамасыз етуіне» кедергі жасамайтынын, министрлік АҚШ-тың жаңа шектеулерін зерттеп жатқанын және қажет болған жағдайда консультациялар жүргізіп жатқанын атап өтті. 

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты енгізілген жаңа санкциялардың салдарын Ресей Федерациясынан газ экспорттауын жалғастырып жатқан Словакия да жағдайды зерттеп жатыр.