Оқиғалар

АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіге қатысты сот 2028 жылы басталады

2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерге қатысты қылмыстық істі қарау АҚШ-та 2028 жылғы 5 маусымда басталуы тиіс.

теракт

Сот алдында шабуылдарды ұйымдастырды деп айыпталған Халид Шейх Мохаммед және оның үш сыбайласы – Валид бен Атташ, Али Абдул Азиз Али мен Мустафа Ахмед әл-Хаусауи жауап береді. Олар 2006 жылдан бері қамауда отыр.

Прокурорлар сот процесін 2027 жылдың қаңтарында бастауды ұсынған. Алайда судья мен қорғау тарабы істі толық қарауға дайындалу үшін бұл уақыт жеткіліксіз деген пікірге келген.

2001 жылғы 11 қыркүйекте «Әл-Каида» мүшелері АҚШ-та бірнеше террорлық шабуыл жасаған. Қайғылы оқиғадан 3 мыңға жуық адам қаза тапты. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз