АҚШ-та UnitedHealthcare бас директорын өлтірді деген күдікті қамауға алынды
McDonald's мейрамханасының тұтынушыларының бірі оны танып, полицияға хабарлаған.
26 жастағы Луиджи Манджоне Пенсильвания штатының Альтуна қаласындағы McDonald's мейрамханасында қамауға алынып, оған UnitedHealthcare сақтандыру компаниясының басшысы Брайан Томпсонды өлтірді деген айып тағылды.
Томпсон өткен аптада Манхэттендегі Хилтон қонақүйінің жанында атып өлтіріліп, сәрсенбіден бері күдіктіні іздеу жүріп жатыр.
Луиджи Манджоне Нью-Йорктен батысқа қарай 450 шақырым жерде ұсталды, оны фастфуд мейрамханасының тұтынушысы танып қойған.
Полицияның хабарлауынша, оны ұстаған кезде жанынан 3D-принтерде шығарылған тапанша табылған, бұл қаруды ол Нью-Йорктегі кісі өлтіру кезінде қолданған болуы мүмкін.
Алдымен Манджоне Пенсильвания штатында сотқа тартылып, оған бес қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылып, кепілден бас тартылды. Бірнеше сағаттан кейін Нью-Йорк детективтері оған кісі өлтірді деген айып тақты. Қазір тергеушілер оның Брайан Томпсонды өлтіруге қатысы барын дәлелдеумен айналысып жатыр.
Киллер туралы не белгілі?
Полицияның мәліметінше, Луиджи Манджоне Мэриленд штатының Балтимор қаласында туып-өскен, онда ол Гилман мектебіне барған, мектеп әкімдігінің айтуынша, 2016 жылы оны Луиджи Манджоне үздік бітірген.
Осыдан кейін ол жақында Гавайидің орталығы Гонолулуда тұрған беделді Пенсильвания университетіне барған.
Ұстау кезінде оның жанынан атыс қаруы мен әртүрлі жеке басын куәландыратын құжаттар табылды. Олардың бірінде оның шын аты көрсетілсе, қалғандары жалған құжаттар.
Атап айтқанда, оның қасында америкалық төлқұжаты мен Нью-Джерси штатында тұратыны туралы жалған құжат болған, ол кісі өлтіру болған жердің маңындағы Нью-Йорк жатақханасына барған.
Полиция күдіктіден шыққан мылтық «3D принтерде жасалған» және 9 мм калибрлі патронды "елес тапанша" қару екенін айты.
"Елес тапаншалар" онлайн тапсырыс берілген бөлшектерден құрастырылған, тіркелмеген және бөлшектердің сериялық нөмірлері болмағандықтан іс жүзінде іздестіру мүмкін емес.
Луиджи Манджоненің LikedIn профилі оның TrueCar сайтында деректер инженері болып жұмыс істейтінін көрсетеді, бұл жаңа және ескі көліктерді сататын сайт.
Манджоненің әлеуметтік желідегі жазбалары оның отбасымен және достарымен байланысын үзгенін көрсетеді.
UnitedHealthcare бас директоры қалай қаза тапты,
Американың ең ірі медициналық сақтандыру компаниясы саналатын UnitedHealthcare директоры 50 жастағы Брайан Томпсонды 4 желтоқсанда Нью-Йорк орталығында атып кетті..
Полицияның мәліметінше, бетперде киген күдікті бизнесмен сол күні конференцияда сөз сөйлейтін Manhattan Hilton қонақүйінің жанында Томпсонды күтіп тұрған.
Томпсон қонақүйге жақындаған кезде оған бірнеше оқ атылды. Сақтандыру компаниясының басшысы арқасы мен аяғынан жарақат алған, оны құтқару мүмкін болмады.
Полицейлер өлтірушіні бірнеше күннен бері іздеп жатыр, қылмыскер туралы мәлімет бергендерге 10 мың доллар уәде етілген.
Нұрсана Қанағатқызы, ҚазҰУ, журналистика факультетінің 3- курс студенті