Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 10 Шілде 2024

Ақтау тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді талап етіп жолды жапты

в
Фото: Lada.kz

Ақтауда 19-шы ықшамаудандағы N43 үйдің тұрғындары пәтерлерінде су болмағандықтан жолды жауып тастады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Видео авторының айтуынша, тұрғындар үш күннен бері ауыз сусыз және техникалық сусыз отыр. Олар биліктің назарын мәселеге аудару үшін жолды жапқандарын айтқан. 

Салдарынан көшеде көлік кептелісі болып, оқиға орнына полиция келгені айтылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындарға құзырлы орган өкілдерін жіберетінін айтқан.

Айта кетейік, 19-шы ықшамаудан тұрғындары мұндай жағдайға алғаш рет барып отырған жоқ.  Биыл маусым айында олар тағы да су тапшылығына байланысты жолды жауып тастаған болатын. Құзырлы органдар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Тегтер: