Live

Ақтау жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Ақтау қаласының жағалауынан өлі итбалықтардың өлекселері табылды.

Итбалық

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 3 шілде күні Ақтау қаласының жағажайларынан итбалықтардың өлекселері анықталған.

 «Қазіргі уақытта олардың нақты санын анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады экологтар.

Осыған байланысты Экология департаментінің мамандары аталған аумақтағы теңіз суынан сынамалар алды.

 «Сынамаларды зерттеу нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі», – деп мәлімдеді ведомство.

Тегтер: итбалық
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз