Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:55, 16 Шілде 2024

Активтерді қайтару: 2,5 жылда Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылған

g
Фото: pixabay

Антикор активтердің қайтару жұмыстары бойынша, 2,5 жылда Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылғанын мәлімдеді. 

Агенттік аяқталған қылмыстық істер шеңберінде жыл басынан бастап шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Агенттіктің 2,5 жылы, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды, делінген хабарламада.

Агенттік ақпаратынша, қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды. Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. 

Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық нәтижесінде Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылған.

Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасып, оның 4-і ағымдағы жылы қол қойылғанын айтты. Бұл Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарында үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту көзделген.