Live

Ақтөбеде автотұрақ үшін жанжал төбелеске ұласты: бірінің миы шайқалып, ауруханаға түсті

Ақтөбе қаласында автотұраққа байланысты туындаған дау соңы төбелеске дейін жеткен. Оқиға барысында қатысушылардың бірі ауыр жарақат алып, миы шайқалғаны анықталды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жеткізілген.

1

Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті ретінде спортпен айналысатын азамат ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның қалай болғанын, жанжалдың неден шыққанын және барлық қатысушылардың әрекетін жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.

Тегтер: Ақтөбе
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз