Оқиғалар

Ақтөбеде мәйітті сөмкеге салып, қоқысқа тастаған ер адамға үкім шықты

Ақтөбеде танысын өлтіріп, мәйітін үлкен сөмкеге салып қоқыс алаңына тастаған 62 жастағы ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот

Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға биыл 21 ақпанда болған. Екі ер адам бірге алкоголь ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал туындаған. Үй иесі танысына бірнеше рет пышақ сұғып, салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыстан кейін күдікті мәйітті үлкен жолақты сөмкеге салып, 24 ақпанға қараған түні шанамен қоқыс алаңына апарып тастаған.

Тек 11 наурыз күні күмән тудырған сөмке туралы полицияға хабар беріліп, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары оның ішінен ер адамның мәйітін тапқан.

Сотталушы сот барысында өз әрекетін қорғану мақсатында жасағанын айтқанымен, сот бұл уәжді негізсіз деп таныды.

Сот үкімімен Ақтөбе қаласының 62 жастағы тұрғыны адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз