Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:44, 11 Қараша 2024

Ақтөбеде тікұшақ апатынан қаза тапқан офицерді ақтық сапарға шығарып салды 

Батыр Оразымбетов
Батыр Оразымбетовты ақтып сапарға шығарып салу рәсімі .Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан Әуе қорғанысы күштері Әскери институты авиациялық эскадрильясының нұсқаушысы, майор Батыр Оразымбетовты ақтық сапарға шығарып салды. 

 Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, ұшу мектебінің жеке құрамы мен туыстары қатысты. 

Еске салайық, майор Оразымбетов 2009 жылы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар мамандығы бойынша бітірген. Ол Әуе қорғанысы күштерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен және жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асатын Ми-8 тікұшағын басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Қайғылы жағдай, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде қатты қонған кезде болған.

Бортта үш экипаж мүшесі бар еді. Олардың бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі – техникалық ақау. 

Тікұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: