Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 20 Қараша 2023

Ақтөбелік дзюдошы-полицей Қазақстан чемпионатынан алтын алқа жеңіп алды

Ақтөбе
Фото: из открытых источников

Дүбірлі додаға 500-ге жуық спортшы қатысқан

12-15 қараша аралығында Астана қаласында дзюдо күресінен өткен Қазақстан чемпионатында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері Есет Қуанов үздік шығып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

500-ге жуық спортшының басын қосқан дүбірлі додада 66 келі салмақ дәрежесінде күрескен ақтөбелік дзюдошы-полицей барлық белдесуде қарсыластарынан басым түсіп, жауырыны жерге тиген жоқ.

Есет Қуанов – Қазақстан ұлттық құрамасы көшбасшыларының бірі. Самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Ақтөбелік сақшы қазіргі уақытта 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қызу дайындық үстінде.