Оқиғалар

Алакөлде катер қағып кеткен әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Алакөлде катер шағып кеткен 69 жастағы әйел ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды.

Денсаулық

Қазір ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласының тұрғыны көлде шомылып жүрген кезде қозғалыстағы катер оны қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған әйел көп қан жоғалтқан күйде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күрделі ота жасап, екі аяғына ампутация жасауға мәжбүр болған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Ол есін біледі, өздігінен тыныс алып жатыр және жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Оқиғаның барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз