Оқиғалар

Алакөлдегі аралда қалып қалған отбасы құтқарылды

Алакөл көлінде профилактикалық патрульдеу жүргізген Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары аралда қалып қойған демалушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.

Алакөл

Оқиға көл акваториясын бақылау кезінде анықталған.

Белгілі болғандай, жалға алынған шағын көлемді қайық техникалық ақауға ұшырап, демалушылар жағалауға өз күштерімен қайта алмай қалған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, арнайы жүзу құралымен төрт адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз түрде жағалауға эвакуациялады.

Ведомство мәліметінше, құтқарылған азаматтардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз