Оқиғалар

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды

Астана қаласының полициясы жол-көлік оқиғасының болғанын растағанымен, жүргізушінің жеке басын ресми түрде жариялаған жоқ.

Данияр Елеусінов

Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін көлік Достық көшесінде тоқтатылған.

Тексеру барысында рөлде отырған 35 жастағы ер адамның алкогольдік масаңдық белгілері болғаны анықталған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Құқық қорғау органдары заң алдында барлық азаматтың жауапкершілігі бірдей екенін атап өтті. Ведомство өкілдерінің айтуынша, адамның танымалдығы немесе қызметі құқықтық баға беруге әсер етпейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз