Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:08, 04 Қыркүйек 2024

Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды

г
Фото: gov.kz

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 3 қыркүйекте «Антикор» қызметкерлері Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұстаған.

Оған Қылмыстық кодекстің «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабының 4,361-бөлігі 3-тармағы) және «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» (3-т., 4362-бап) баптары бойынша айып тағылды, делінген хабарламада.

Қарасаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бағдат Қарасаев 1964 жылы Дзержинск қаласында дүниеге келген. Талдықорған қаласының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болған. 

Ол 2018 жылдан бері Алматы облысы Іле ауданының әкімі қызметін атқарған.